Атырау, 29 наурыз 13:05
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы әкімінің дәріханада кезекте тұрған сәті видеоға түсіп қалды

Бейнежазба
4 266 просмотра

Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаладағы орталық дәріханаға барған видеосы тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің дәрі-дәрмектерге қатысты жағдайды өз көзімен көргісі келгенін айтты.

Видеодан қала әкімінің Гоголь мен Назарбаев  көшелерінің қиылысында орналасқан орталық дәріханада кезекте тұрған азаматтардың жанында тұрғанын көруге болады.

Сағынтаев дәріханаға кіруге кезекте тұрған қала тұрғындарымен әңгімелесті. Жанында дәріхана қызметкері ілесіп жүр.

Айта  кетейік, кеше облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қоймаларда дәрі-дәрмек жеткілікті екенін, дәріханаларда дәрілер жетпей жатса, аз уақытта жөнелтілетінін хабарлады.


"Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін осы жағдайға байланысты хайп жасайтын адамдар бар. Біз жеткізуді шектемейміз. Бәріне жібереміз", - деді әкім орынбасары.

Алайда БАҚ беттерінде қала тұрғындарының дәріханалардан қажетті дәрілерді таба алмай жатқаны айтылып жатыр.

Дереккөз:  Sputnik Қазақстан  

14 шілде 2020, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.