Атырау, 19 сәуір 21:23
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Шілдедегі 42 500 теңге: өтінішті қалай және қашан беру керек

2 969 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"42 500 теңге ТЖ кезіндегі ереже бойынша беріледі. Яғни, табысынан айырылған азаматтар, оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға. 

Бұл жолы көмек бір айға қарастырылған. Оператор - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Алдыңғы жолы қаражат шектеулі екенін хабарлағанбыз. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бір аптаның ішінде қаржылық мәселені шешуі тиіс. 

Жұма өтініш тастауға арналған барлық портал жұмысын бастап, дүйсенбіден әлеуметтік көмекті төлеуді жоспарлап отырмыз", - деді министр ОҚК брифингінде. 

Оның айтуынша, 17 шілдеден бастап әлеуметтік төлемге өтініш қабылдана бастайды.  

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж жандарға шілде айында да 42 500 теңге төленетінін айтқан. 


14 шілде 2020, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.