Атырау, 29 наурыз 14:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Баханың туыстары табылды

4 645 просмотра
Бобораджаб ДЖАВЛИЕВ

Жоғалған тәжік Баха туралы «АЖ» жарияланымынан кейін оның туыстары хабарласты. Кеше оның туған інісі Файзулло «Тоджикистон» газетінің редакциясымен байланысқа шығып, Леонид ДЕМЯШЕВТІҢ нөмірін алған. Ал бүгін ағасы Бобораджаб ДЖАВЛИЕВПЕН ватсап арқылы сөйлесіпті.

Осы әңгімеден кейін телефон арқылы Файзулло ДЖАВЛИЕВПЕН хабарластым. Оның өзі қазір Мәскеуде табыс тауып жүр екен. Оның айтуынша, Боря, ол Бобораджабты солай атады, қатты өзгеріп кеткен, оны әзер таныпты.

- Оны көрмегенімізге 10 жылдан асты ғой. Ол Душанбеден Ресейге жұмыс жасаймын деп кетті, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Тулада болды. Соңғы рет онымен Нижневартовскде болған кезімде телефон арқылы сөйлескенмін. Ал ол Тулада болатын. Шатаспасам жеті жыл бұрын-ау деймін,- дейді Файзолла. – Оның Душанбеде отбасы тұрады. Анасы Халима мен әкесі Сайфулло, 12 туғанбыз, мен одан кішімін. Душанбеде Яхио мен Шахрум деген екі ұлы бар. Әйелінің аты есімде жоқ. Бірақ ол бес балам бар дейді. Бәлкім, Тулада екінші отбасы бар шығар? Өйткені, мен онымен сөйлескен кезде, түсінгенімдей, оның сол жақта әйелі бар-тұғын. Бұл туралы басқа ештеңе білмеймін.

- Енді не істемек ойыңыз бар?

- Мен оның жағдайы қалай екенін білейін деп қоңырау шалдым. Атырауда оған не болғанын білгім келеді. Кей нәрселер есімде жоқ дейді. Ол жақта не болған?

- Иә, көп нәрсені білмейді, есіне біртіндеп түсіріп жатыр. Ол туралы материалымда толық жазғанмын. Сілтемесін жіберермін.

Леонидке Баханың Якутиядағы жиені де хабарласыпты. Бірақ Леонид  кеше қала сыртында болғандықтан дұрыстап сөйлесе алмаған, байланыс нашар болыпты. Леонидтің пікірінше, енді ТМД-ның түкпір-түкпірінен оның туыстары хабарласуы мүмкін. Өйткені, отбасын асырау үшін еңбекқор тәжіктер үйлерінде отырмайды. Бастысы – Баханың үйіне аман-есен оралуы, әрі қарай тағдырын өзі реттейді.

Айнұр САПАРОВА

13 шілде 2020, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.