Атырау, 20 сәуір 19:21
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жалпыұлттық аза тұту күні бір минуттық үнсіздік жарияланады

4 147 просмотра

13 шілдеде сағат 00.01-де ел бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік Ту түсіріледі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Елорда уақытымен 13 шілде күні сағат 12.00-де республикалық телеарналар эфирінде Мемлекет басшысының қатысуымен бір минуттық үнсіздіктің тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.

Мемлекет басшысымен бір мезгілде Атырау облысының, сондай ақ, еліміздің барлық аймақтарының әкімдері әкімдік ғимараттарының алдындағы алаңға шығып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алады деп күтілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, әскерилер, дәрігерлер қаза болған адамдарды құрметтеу мен еске алу белгісі ретінде киімдеріне қаралы таспа тағады.

Еске сала кетелік, 2020 жылғы 13 шілдені ел Президенті коронавирустық инфекциядан қаза тапқандар жөніндегі Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

12 шілде 2020, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.