Атырау, 25 сәуір 19:25
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Полиция Атыраудағы алғаш коронавирус жұқтырғандардың деректерін жариялаған адамды әлі іздестіруде​

4 803 просмотра

Атырау облыстық полиция департаменті коронавирус туралы жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тоқтатты. Бірақ полицейлер Атырауда алғаш ауырған науқастардың жеке деректерін әлеуметтік желіге «жариялаған» адамды әлі де іздестіруде.

Наурызда әлеуметтік желіде Германиядан оралып, Индер аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған студентте коронавирус анықталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ал бұған дейін оны үйлену тойында көріпті-мыс. Бірақ іс жүзінде ол ауруханада міндетті карантинде болған және одан вирус табылмады. Алайда осы жалған ақпарат ауылдастарының арасында теріс пікір тудырды.

Келесі күні Дубайдан оралған Құлсары қаласының тұрғынынан коронавирус табылып, ол аудандық ауруханада емделіп жатыр деген жалған ақпарат пайда болды. Бір аптадан кейін, Польшадан Махамбет ауданына оралған студенттен де вирус анықталды деген қауесет лап ете түсті.

Полиция осы үш факт бойынша қылмыстық іс қозғады, жалған ақпарат таратушылар табылды. Олар ауыл тұрғындарынан естіп, желіге жариялағандарын айтты. Бірақ қылмыстық іс тоқтатылды. Қазір бұл шешіммен прокурорлар танысып жатыр.

Алайда наурыздың аяғында қозғалған бір қылмыстық іс әлі тергелуде. Сол кезде біреулер әлеуметтік желіде Атыраудағы алғаш вирус жұқтырған үш адамның атын жария еткен еді. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы  (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша жүргізілуде. Қаскүнем әлі табылған жоқ.

... Бұл баяғыда болған секілді, ал қазір Атырауда күніне вирус жұқтырған жүздеген адам анықталуда.

Фархат ӘБІЛОВ

6 шілде 2020, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.