Атырау, 19 сәуір 08:46
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Теңіздегі пышақтасу

7 354 просмотра
Әлеуметтік желіден алынған сурет

Әлеуметтік желіде Теңіз кенішіндегі жатақханалардың бірінде (шамамен кэмп Браун) түсірілген фото және аудиожазба таратылуда. Онда бөлмедегі қан іздері көрсетіліп, аудиожазбада жұмысшылардың бірі (жүргізуші) екіншісін пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны айтылады. «Адамдар наурыз айынан бері осы жерден шықпастан жүр, моральдық жағынан қиын», - делінген пікірлердің бірінде.

«АЖ» сауалына ТШО-ның баспасөз қызметі 4 шілде күні мердігер ұйымның қазақстандық екі қызметкері арасында тұрмыстық негіздегі жанжал болып, содан екеуі де зардап шеккен деп жауап берді. Екеуі де ТШО-ның клиникасына жатқызылды, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Болған оқиға туралы полиция хабардар болды.

Ал Полиция департаментінде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

5 шілде 2020, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.