Атырау, 20 сәуір 13:39
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Нашақорлардың "қайғысы" бөлек

3 449 просмотра

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері өңірімізде заңсыз есірткі бизнесіне байланысты 50-ден астам қылмыс тіркелген. 1500 келі түрлі есірткі тәркіленді.

Қылмыскерлер сатудың әртүрлі әдістерін қолданады. Мысалы, интернеттегі кейбір «жұмыс берушілер» қалада синтетикалық есірткіні жеткізу үшін курьер болуды ұсынады.

- Жыл басынан бері есірткіні осылай сатқан Атырау қаласының 5 тұрғыны ұсталды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Бүгінде кейбір жастар «дәріханалық нашақорлыққа» шалдыққан. Қатты әсер ететін, ауруды басатын дәрі-дәрмектерге тәуелді болады. Бұл дәрі-дәрмектер тек рецепт бойынша сатылса да, бәрібір нашақорлардың қолына түседі. Жақында полицейлер осындай дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқан екі тұрғынды ұстады.

- Полицейлер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп рейд ұйымдастырады. Нәтижесінде бірнеше дәріхана басшылары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шамамен 1000-ға жуық дәрі-дәрмек заңсыз айналымнан алынды, - деп хабарлады ДП.

Фархат ӘБІЛОВ

4 шілде 2020, 22:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.