Атырау, 29 наурыз 14:33
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Балаларға назар аудармастан тонаған

4 067 просмотра

Батыс Қазақстан облысының полицейлері жергілікті сыбайласымен бірге Оралда пәтер ұрлығын кәсіп қылған Атырау қаласының тұрғынын ұстады.

- Олар тек күндіз, барлығы жұмыста болған кезде есікті желбезекті кілттермен ашып, пәтер тонаған. Пәтерде кішкентай балалар қалған жағдайлар кездесті, өйткені ол кезде балабақшалар жұмыс істемейтін. Бақтарына орай, қорқынышты ештеңе болған жоқ, балалар аман-сау, бірақ қорқып кеткен, - дейді Орал қалалық полиция басқармасындағылар. - Олар тек ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған. Қазір төрт пәтер ұрлығы ашылды, тергеу жалғасуда.

Ұсталғандардың екеуі де бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталған. Бұлтартпайтын айғақтардың бірі - саусақ іздерінің полиция базасындағы саусақ іздерімен сәйкес келуі. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармақшасы (Тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фархат ӘБІЛОВ 

2 шілде 2020, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.