Атырау, 29 наурыз 19:16
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынып, барлық аймақтарға жіберілуде»

3 271 просмотра

КВИ жұқтырған науқастарды амбулаториялық деңгейде және стационарларда емдеу үшін 138,8 млн теңгеге 59 атауда дәрі-дәрмек сатып алынды, - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила БҰЙРАБЕКОВА онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, бұл дәрі-дәрмектер барлық аймақтарға жіберілген. Медициналық ұйымдарда «Лопинавир - ритонавир», «Гидроксихлорохин» бар. «Ремдесивирді» сатып алу жұмыстары аяқталған - бұл препарат КВИ-дің ауыр түрлерін емдеу үшін қажет.

- Жақын арада хаттамаға енгізілген «Фавипиравил» препараты сатып алынады. Біз бірнеше өндірушілермен, соның ішінде Ресеймен келіссөздер жүргізудеміз. Сондай-ақ, елімізде дәрі-дәрмек шығаруға әзір отандық өндірушілер бар, - деді Бұйрабекова.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА 

2 шілде 2020, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.