Атырау, 25 сәуір 14:58
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ТКШ бөліміндегі жемқорлық

Бейнежазба
4 116 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Махамбет аудандық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшылығына қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады.

Жемқорлыққа қарсы қызметкерлер кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алу туралы, соның ішінде, Махамбет ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету туралы келісімшарттар жасағаны және орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін пара алу фактілерін анықтады.

- Қазіргі кезде аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-тармағына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.


Айнұр САПАРОВА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұсынған бейнежазба

27 маусым 2020, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.