Атырау, 19 сәуір 13:27
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Атырауда барлық ХҚКО қысқартылған кестемен жұмыс істеп жатыр. Қазір бізде қызметкерлер аз»

3 657 просмотра

Әлеуметтік желіде Атыраудағы ХҚКО-ларда ығы-жығы кісі толып жүргені туралы бейнежазба таралуда. Әлеуметтік қашықтық сақталмағаны байқалады және мұндай жағдайда оны сақтау да мүмкін емес. «АЖ» осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Атырау филиалының басшысы Мұса ХАЙРУЛЛИЕВКЕ жүгінген еді.

М.Хайруллиев Сәтпаев даңғылы, 23 мекен-жайында орналасқан №1 ХҚКО-дан басқа қаладағы барлық ХҚКО жабық деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, қазір қаладағы барлық ХҚКО жұмыс істеп тұр. Бірақ бұрынғыдай сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін емес, 10.00-ден 17.00-ге дейін. Egov.kz порталында, 1414 байланыс орталығы және Telegram-бот eGovKzBot2.0 арқылы онлайн брондау бойынша кезек алады.

- Ығы-жығы болуы - бұл, біріншіден, қызмет көрсететін персоналдың жетіспеушілігіне байланысты, - дейді М. Хайруллиев. - Жақында Сәтпаев бойындағы №1 ХҚКО-да екі қызметкерден коронавирус анықталды, ал тағы 16 қызметкер сырқаттануына байланысты жұмыста жоқ, біз мұны әзірге КВИ-мен байланыстырмаймыз. Коронавирус көлік иелері үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының  бір қызметкерінен де анықталды. Қазір ол жерде 7 адам жұмыс істеп жатыр, 6 адам сырқаттануына байланысты жұмыста жоқ.

Екінші себеп, Хайруллиевтің айтуынша – Қызылқоға, Жылыой және Индер аудандарының карантинге жабылуы: ол жақтағы адамдар бөгет бекеттерден түрлі жолдармен өтіп, мемлекеттік қызмет алу үшін Атырау қаласына келеді. Рас, Миялыдағы ХҚКО жұмысын қайта бастады.

- Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, біз сағат 10.00-де ашамыз, бірақ алдын-ала сағат 9-дан бастап кезекке брон жасаған адамдар есіктің ертерек ашылуын талап етеді. Сағат 10-дарда 50-ге жуық және одан да көп адам жиналып қалады. Көп адам әлі де коронавирусқа сенбейді. Әлеуметтік қашықтықты сақтауды талап етсек, бұған сенбейтіндерін айтады, - дейді Хайруллиев. - Басқалары кезекті брондамай келеді. Бірақ біз барлығына қызмет көрсетуге тырысамыз. 

Айнұр САПАРОВА 

25 маусым 2020, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.