Атырау, 28 наурыз 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ақындардың патриоттығы сынға түсті

4 151 просмотра

«Ақ желкен» шығармашылық орталығында «"Елсана" рухани-патриоттық қауымдастығы», «Әлібек» ақындар алаңы ұйымдастырған патриоттық тақырыптағы ақындар мүшәйрасы қорытындыланды.

Мүшәйра туралы мамыр айында әлеуметтік желіде хабарланып, ақындар да өлеңдерін сол жерде жариялады.

-Байқау қорытындысын кең көлемде өткізіп, барлық ақындардың өлеңдерін талқылау жоспарланған еді. Алайда карантиннің күшейтілуіне байланысты тек жеңімпаздар мен қазылар алқасы арасында қорытындыланып отыр, - дейді Әлібек ақындар алаңының тете-төрағасы Арман ЖАЙЫҚБАЕВ.

Қазылар алқасының шешімімен исатайлық ақын Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ Бас жүлдеге ие болса, бірінші орынды қызылқоғалық Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ, екіншісін Х.Досмұхамедов атындағы АМУ студенті Ақтілек АБАЙҚЫЗЫ, үшінші жүлдені 11 сынып оқушысы қызылқоғалық Айбат ТЕМІРЖАН еншіледі. Жеңімпаздарға демеушілер тарапынан ақшалай сыйлық табыс етілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

22 маусым 2020, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.