Атырау, 19 сәуір 15:28
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мүгедектерді қорғаушы көп, ал айыппұл қайда?

3 457 просмотра

Тапсырылатын инфрақұрылым нысандарын қабылдайтын арнайы комиссия құрамындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауы тиіс. Ендеше олар неге қорғамай отыр?

Онлайн брифингте  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия ТӨРЕҒАЛИЕВА бүгінгі таңда Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 23 мыңнан астам адам тұратынын мәлімдеді. Олардың 1 895-і І топтағы мүгедектер, 9 629-ы - II топ, 8049-ы - III топ мүгедектері. Бұдан басқа, бізде мүмкіндігі шектеулі 3 688 бала бар. Арбаға таңылған немесе көру қабілеті нашар мүгедектердің сыртқа өздігінен шығатындары саусақпен санарлық.

Біздің қаламыз ерекше қажеттілігі бар адамдарға бейімделмеген. Мұны брифингке қатысқан еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Гүлнар МЕҢДІҒАРИЕВА да мойындауға мәжбүр болды, ол түрлі нысандарға жүргізілген тексеру нәтижелері туралы айтып берді. Бізде пандустардың аты бар да заты жоқ, қалай-солай жасалады - өте тік немесе олардың төсемі құрылыс нормаларына сәйкес келмейді. Мүмкіндігі шектеулі адам мұндай ғимараттың ішіне кірген жағдайда да, оған ғимарат ішінде қозғалу қиынға соғады. Зағип және естімейтін адамдар үшін дыбыстық және сигналдық белгілер де жоқ.

Меңдіғариеваның айтуынша, тексеру нәтижелері бойынша 42 ұйғарым шығарылып, екі әкімшілік айыппұл салынған.

«АЖ» сауалы:

- Нысандарды қабылдау кезінде мүгедектердің мүддесін кім қорғайды? Мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін мүлдем жарамсыз пандустар салатын фирмалар мен осы ғимараттарды қабылдаушылар неліктен жазаланбайды?  

Спикерлердің айтуынша, тапсырылатын инфрақұрылым нысандарын комиссия қабылдайды, оның құрамында қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдері бар. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқығы бұзылған жағдайда мекеме басшыларына 120 АЕК, екінші рет қайталанса 200 АЕК, үшіншіде - 400 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бұл аз сома емес, бірақ неге бұл айыппұлдардан ешкім қорықпайды? Әлде ешкімге айыппұл салынбай ма?

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 маусым 2020, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.