Атырау, 20 сәуір 02:03
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жылыой ауданында карантин шектеулері жеңілдетіле бастайды

4 752 просмотра

Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуалды толық тұрақтандыру мақсатында карантин мен шектеу шаралары сақталып отыр. Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері Талғат Хабибуллин карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы жаңа қаулы қабылдады. 

Мақсат - тұрғындар мен бизнес өкілдері үшін маңызды нысандардың қызметін қамтамасыз ету.

10 маусым 2020 жылы сағат 07.00-ден бастап өндірістік мекемелер, ірі құрылыс дүкендері, көлік саласындағы компаниялар, қойма, ауылшаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар жұмысын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, азық-түлік базарларының, гипер-супермаркеттердің, ірі азық-түлік дүкендері, сауда орталықтарындағы азық-түлік дүкендері жұмысына рұқсат беріледі.

Жұмыс тәртібі 09.00-18.00 аралығында.

Көппәтерлі тұрғын үйлерде және тұрғын үй алабында орналасқан дүкендер жұмысына 06.00-22.00 аралығында рұқсат етіледі.

Бас санитарлық дәрігер бұл нысандар жұмысында санитарлық-дезинфекциялық тәртіп қатаң сақталу керек екенін атап өтті.

Қоғамдық тамақтану нысандары үйге дейін жеткізу және өзімен алып кету қызметі түрінде сағат 22.00-ге дейін жұмыс істей бастайды. 

ХҚКО тек заңды тұлғалар үшін жұмыс істейді.

Талғат Хабибуллиннің айтуынша, жоғарыда көрсетілген  және мекемелер мен ұйымдарға кезең-кезеңмен рұқсат етілген қызмет түрлерінен басқалары карантин мен шектеу шаралары кезінде тоқтатыла тұрады.

- Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантин шараларын қатайту құқығын өзіме қалдырамын,-деп атап өтті Т.Хабибуллин.

Жылыой ауданында карантин шараларын жеңілдету кезең-кезеңмен жүргізіледі деп жоспарлануда, бұл эпидемиологиялық ахуалды төмендетпеу үшін маңызды болып отыр.

9 маусым 2020, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.