Атырау, 29 наурыз 03:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Сары нөмір алып, жайбарақат жүріңіз»

4 262 просмотра

Бүгінгі таңда Атырау облысында 200-ден астам «армян» көлігі тіркелген. Бұл туралы брифингте ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ мәлімдеді.

- Біздің өңірімізге Армениядан 6800-ге жуық көлік әкелінді. Бұрын хабарланғандай, осы жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген сол жақ рөлді көліктер  тіркелуі керек. Тіркеу мамандандырылған ХҚКО-да рәсімделіп, 1 қыркүйекке дейін жалғасады, - деді Өтеғалиев.

- Көлікті уақытша тіркеу үшін техникалық төлқұжат пен нөмір уақытша сақтауға тапсырылады. Бірақ адам көлікті «тазартқысы» келіп, қазақстандық тауар мәртебесін бергісі келсе, кедендік бақылау департаментіне жүгіне алады. Біз барлық салық пен алымдарды, сондай-ақ Арменияда төленген төлемдерді есептейміз, айырмашылық төленеді, - деді Атырау облысы бойынша МКД кедендік әкімшілендіру басқармасының бастығы Талғат КАРИМОВ.

Жүргізушілердің көпшілігі кейін өздерін сары нөмірге байланысты тоқтатпай ма деп алаңдайды. Өтеғалиев уақытша тіркеу көлік құралдарын толық тозғанға дейін пайдалануға мүмкіндік береді, ешкім көлік жүргізуге тыйым салмайды, деп сендірді.

Үкімет қаулысы тек «армяндық» көліктерге қатысты, ал қырғызстандық және ресейлік нөмірі бар көлік иелері бір жыл ішінде көлікті 30 күннен астам мерзімге Қазақстаннан тысқары шығаруы керек.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

9 маусым 2020, 00:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.