Атырау, 29 наурыз 18:10
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ата-анадан ақша жинау: балабақшадан мектеп бітіргенге дейін

4 762 просмотра

Атырауда облыстағы барлық мектеп директорлары мен ата-аналар комитетінің 92 мүшесінің қатысуымен онлайн-конференция өтті. Мұнда мектепте ата-аналардан ақша жинау мәселесі талқыланды.

«Атырау адалдық аланы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия ӘДИЕВА:

- Бала балабақша табалдырығын аттаған сәттен бастап, мектеп бітіргенше ата-анадан ақша жинау тоқтамайтыны баршаға аян. Өткен жылы біз мыңға жуық мұғалім мен ата-аналарға анонимді сауалнама жүргіздік. 65% жағдайда ата-аналардың бастамасымен ақша жиналса, 35%-ы - мұғалімдердің ұсынысымен жиналады екен. Жиналған ақшаның 30% -ы мұғалімдерге сыйлық алуға, 38% -ы мектепке қажетті материалдар алуға, 32% -ы балаларға арналған  мерекелік іс-шараларға жұмсалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ата-аналардың шағымы бойынша 4 рет түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде оларға ақшалары қайтарылды. Тіпті, биыл балалар наурыздан бастап қашықтан оқыса да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне мектепке ақша жинағаны туралы хабарламалар келіп түсті.

Дегенмен, шағымдар азайып келеді. 2019 жылы осындай 32 шағым түссе, биыл - 14 арыз болған.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақкенже ИСАНБЕРГЕНОВА облыс мектептерінде білім алу тегін екенін атап өтті. Мектеп бітіру кештерін өткізуге ресми тыйым салынған - мұғалімдер тиісті бұйрыққа қол қойып, оны орындауға міндеттенеді.

Исанбергенованың айтуынша, соңғы үш жылда білім беру басқармасына ешқандай шағым түспеген. Наразы болған ата-аналар бар. Бірақ сол туралы әңгіме жүріп жатса да, шағым түспеген. Сөзін түйіндей келе, ол ата-аналарға: «Бұған қарсы тұрайық! Бәрі де заңға бағынуы тиіс» деді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 мамыр 2020, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.