Павлодардағы балалар орталығында болған оқиғаға шенеунік түсінік берді

859 рет қаралды

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова кәмелетке толмаған балаларды ұрып-соққан психоневрологиялық орталықтың қызметкерлерінің әрекетіне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, орталықта қауіпсіздік шаралары сақталған.

"Онда бейнекамералар жұмыс істейді, медициналық қызметкерлер өз міндетін біледі. Тәртіпті бұзу деректері болды. Мұны адами фактор деп айтуға болады. Біз орталық қызметкерлері балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасаған болуы мүмкін деген деректі жоққа шығармаймыз", - дейді ол. 

Альмира Дисюпова қаладағы психоневрологиялық орталықтың өндірістік аумаққа көшірілуіне байланысты пікір білдірді.

"2016 жылы орталықты көшіру туралы шешім қабылданды. Бірақ қаланың орталығында бос ғимарат болған жоқ. Бұл мәселені облыс әкімі бақылауына алып, оны шешті. Бізге қаланың ішіндегі бір ғимарат берілетін болды. Алайда ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу қажет", - дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, ол жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқанын атап өтті

"Ғимарат облыстық психоневрологиялық диспансердің аумағында орналасады. Бұл мәселе облыс әкімінің бақылауында. Қаржының түсуіне байланысты бұл мәселеге қатысты шешім осы жылы қабылданады", - деді Альмира Дисюпова. 

Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды жәбірлегені хабарлаған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

29 мамыр, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.