Атырау, 19 сәуір 13:19
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысында полицейлер азаматтық қару иелерін тексерді

4 191 просмотра

«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданында тегіс ұңғылы атыс қаруы заңсыз сақталған екі, Құрманғазы ауданында - бір фактіні анықтады. Тәркіленген қарулар баллистикалық сараптамаға жолданды.

- 1000-ға жуық азаматтық қару иелері тексерілді. Қала мен ауыл ғана емес, шалғайдағы шаруа қожалықтарына да тексеру жүргізілді, - дейді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира МҰҚТАРОВА. - Заңнамаға сәйкес, азаматтық қаруды сақтау үшін үйде, пәтерде күзет дабыл белгісі орнатылуы міндетті екенін айта кеткім келеді.

«Қару» іс-шарасы барысында 72 адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 484-бабы бойынша хаттама толтырылды. Бұдан басқа, 21 адам қаруды қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.

Айнұр САПАРОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ.
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес, «азаматтық қару» түсінігіне өзін-өзі қорғау, спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қару жатады.
Азаматтық қару былайша бөлінеді:
1) өзін-өзі қорғау қаруы:
тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы;
газды қару – газды пистолет, револьвер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыш, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар;
электрлі қару – зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген қару және өзге де заттар;
2) спорттық қару:
ойық ұңғылы атыс қаруы;
тегіс ұңғылы атыс қаруы;
сұқпа суық қару;
лақтырылатын қару;
үрлемелі қуаты 3 Дж-дан жоғары пневматикалық қару;
3) аңшылық қару:
ойық ұңғылы атыс қаруы;
тегіс ұңғылы атыс қаруы;
үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалық қару.
2016 жылдан бастап Қазақстанда резеңке оқпен атылу мүмкіндігі бар травматикалық қаруға тыйым салынды.
29 мамыр 2020, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.