Атырау, 18 сәуір 17:00
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Облыстық перзентхананың бұрынғы басшысына тағы қандай айып тағылған

3 298 просмотра

Басталған сот отырысында облыстық перинаталды орталықтың бұрынғы директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВҚА жаңа туған нәрестені өлтірді деген айыптан басқа, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (««Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу»») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша да айыптар тағылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хабарламасында осы айыптаулардың артында не тұрғаны баяндалған.

Баспасөз хабарламасының мәтініне сәйкес, перинаталдық орталық «КАЗГЮУ Университеті» АҚ компаниясымен Mini Master of Business Administration (MBA) бағдарламасы аясында «Әкімшілік мәселелер магистрі» мамандығы бойынша Қ.Нысанбаевты оқыту туралы келісім жасаған.

ОПО басшысының екі жылдық оқуына 1,8 миллион теңге төленген. Ал бұл қаражат облыстық перзентаханаға қажетті медициналық жабдықты сатып алуға арналған демеушілік қаражаттан аударылған; оның үстіне, Нысанбаев алған мамандық медициналық емес, яғни бейінді мамандыққа жатпайды.

Басқа эпизод: ОПО қызметкерлеріне сыйақы, ынталандыру бонусы және ақылы қызмет үшін бонус ретінде 6 млн 978 мың теңге төленген. Содан кейін сенімді қызметкерлердің бірі бұл ақшаны жинап, Нысанбаевқа берген.

Португалияда неонатолог дәрігердің біліктілігін арттыру үшін 1,5 миллион теңге бөлінген, бірақ неонатолог Еуропаның батыс еліне жіберілмеген, ал бұл қаржыға ОПО басшысы шетелге демалуға кеткен.

Бұдан басқа, Нысанбаевтың ОПО директоры лауазымында отыруға құқығы жоқ, өйткені бұл қызметке денсаулық сақтау ұйымдарын басқару бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар үміткерлер ғана өтініш бере алады, ал оның қажетті жұмыс өтілі болмаған. Яғни, денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА Нысанбаевты бұл қызметке негізсіз ұсынған.

2018-2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті денсаулық сақтау саласындағы 25 сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтағанын айта кеткен жөн.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 мамыр 2020, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.