Атырау, 20 сәуір 18:01
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстаннан көшіп кететіндер азайды

2 668 просмотра

Карантин кезінде Қазақстаннан қоныс аударатындар азайған. Бірінші тоқсанның нәтижесі бойынша елден көшкендердің саны жыл ішінде 12 пайызға қысқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бастап наурыз арасында елден 7,3 мың адам кеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 12,1 пайызға төмен.

Сарапшылардың айтуынша, бұған карантин шаралары әсер еткен.

2020 жылдың алғашқы үш айында кетіп қалғандардың ішінде негізгі үлесті 16 жастан зейнеткер жасына дейінгі азаматтар, яғни еңбекке жарамды тұлғалар болған. Олардың саны 5,4 мың болды. Ал, 15 жастан кіші 1,7 мың адам, зейнеткер жасынан үлкендер 326 адам екен.

Ал аймақ бойынша 1,2 мың адам Шығыс Қазақстаннан кеткен. Қостанайда 913 адам, Павлодардан 857 адам көшкен. Сондай-ақ Қарағанды (830 адам) мен Солтүстік Қазақстаннан (728 адам) көп адам кеткен.

29 мамыр 2020, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.