Атырау, 19 сәуір 15:50
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әскерде әлімжеттік көрсе, үнсіз қалмаңыз

3 243 просмотра

Әскери қызметшілердің ата-аналары мен туыстары Инстаграм (atyrau_vsu_mvd_rk), сондай-ақ Whatsap мессенджері (87755351820) арқылы Жарғыға сай емес әрекеттер туралы хабарлай алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы мәлімдеді.

Бұдан басқа, «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әскери тергеушілер сарбаздардың ата-анасымен байланысты үзбей келеді. Мәселен, мамыр айында Whatsap арқылы шұғыл әскери қызметке шақырылушы анасымен әңгімелескен кезде келісімшарт бойынша қызмет өткеруші әскери тарапынан оған қатысты жарғыға сай емес әрекеттер анықталған. Басқарма қызметкерлері бөлімшеге барып, нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер: ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы

28 мамыр 2020, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.