Атырау, 29 наурыз 03:08
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Ауру жұқтырған алты адамның жағдайы ауыр»

3 379 просмотра

Бүгінгі күні Атырау облысында коронавирусқа 31 285 ПТР тесті жасалып, олардың 927-сі оң нәтиже берді. Бұл туралы онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ хабарлады.

Ол сонымен қатар біздің өңірімізде дәрі-дәрмектер, өкпені жасанды желдету аппараты мен басқа да медициналық жабдықтардың жеткілікті мөлшерде бар екенін айтты.

- 6 адамның жағдайы ауыр. Ауру жұқтырғандардың ішінде - 8 дәрігер, 16 орта буын медицина қызметкері, 6 кіші медицина қызметкері, 3 полиция қызметкері бар.

Тәуекел үшін өтемақы ретінде Атырау облысындағы дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне 25 миллион теңге бөлінген. Ал наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 858 медицина қызметкеріне 66 миллион теңге, сәуірде 1080 қызметкерге 158 миллион теңге төленген.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 мамыр 2020, 23:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.