Атырау, 29 наурыз 19:24
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қытай АҚШ-қа: Коронавирус вакцинасын ұрлайын деп отырған ешкім жоқ

3 084 просмотра

Трамптың кеңесшісі Роберт О'Брайеннің коронавируске қарсы вакцина туралы осыған дейін айтқан сөзіне қарсы дәйек келтірілді. Бейжің Вашингтонның АҚШ шығаратын вакцинаны ұрлап алуға әрекеттенуі мүмкін екені туралы мәлімдемесін дәлелсіз деп санайды.

ҚР СІМ Чжао Лицзянь осы ретте былай деді: «АҚШ-тың мәлімдемесінде негіз жоқ. Қытай COVID-19 ға қарсы вакцина шығару жолында айтарлықтай алға кетті, сол себепті АҚШ-қа қарайын деп отырған ешкім жоқ». Айтуынша, вакцинаны бірінші ойлап тапқан ел вирусқа қарсы күреске едәуір үлес қосады. Қазір мәселе кім бірінші болып вакцина табатынында емес, адамзат пен вирустың арасындағы күресте болып отыр.

Ал Қытай өзінің зерттеулерімен жұртпен бөлісуге дайын екен. Еске салсақ, осыған дейын Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөнінен кеңесшісі Роберт О'Брайен Қытай АҚШ-тан COVID-19-ға қарсы вакцинаны ұрлап алуы мүмкін екенін айтқан еді.

Дереккөз: 24.kz

25 мамыр 2020, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.