Атырау, 18 сәуір 16:55
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Тыва басшысы COVID-19 жұқтырды

Бейнежазба
3 170 просмотра

Тыва басшысы Шолбан Кара-оол "аса қауіпті вирус" жұқтырып, ауырып қалғанын ВКонтакте желісінде видеоүндеу арқылы айтты. Аймақ басшысының баспасөз хатшысы Долаана Салчук оның COVID-19 жұқтырғанын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дереккөз мәліметінше, Кара-оолдан басқа тағы бірнеше шенеунік ауруханада жатыр.

"Біздің қызметкерлеріміз жатыр (ауруханада - ред. еск.). Вирус өте қауіпті, денсаулыққа айтарлықтай әсер етіп жатыр, бас ауырады, арамызда өкпесі қабынғандар да бар. Біреуінің ауруы жеңіл, басқа біреу жансақтау бөлімінде жатыр. Бірақ дәрігерлерге рақмет, жағдайымыз жақсы. Менің ауруым туралы ертелі-кеш белгілі болатынын білемін, бірақ мен қашықтан жұмыс істеуге тырысамын. Бұл сынақтан да өтерміз, бәрі жақсы болады", - деді Кара-оол.

Салчак басшының жағдайы жақсы екенін және дәрігерлер қарап жатқанын айтты. Тыва басшысының міндетін оның бірінші орынбасары Александр Брокерт атқарады.

Еске салайық, бұған дейін РФ премьер-министрі Михаил Мишустин, мәдениет министрі Ольга Любимова және құрылыс министрі Владимир Якушев коронавирус жұқтырған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 мамыр 2020, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.