Атырау, 19 сәуір 11:55
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​COVID-19: Бразилия ауруханаларының жансақтау бөлімінде бос орын жоқ

2 612 просмотра

Бразилияда COVID-19 дерті дендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бүгінде коронавирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша Бразилия әлемде үшінші орында тұр. Елде 254 мың адамға атыжаман аурудың диагнозы қойылды. 16 мыңнан астам тұрғын індет құрбаны болды. 

Мамандардың айтуынша, жансақтау бөлімінде бос орын жоқ. Індеттен ең көп зардап шеккен Рио-де Жанейро қаласы. Онда науқас санының көптігінен аймақтағы ірі футбол стадионы уақытша ауруханаға айналды. 

Ел тұрғындары биліктің коронавируспен күрестегі қолға алған шараларына көңілдері толмай отыр. Халықтың басым көпшілігі президент Жаир Болсонарудің саясатына да наразылығын білдіруде.

19 мамыр 2020, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.