Атырау, 29 наурыз 12:08
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Полиция қызметкері түстеніп отырғанда, қамауда отырған адам асылып қалды

4 968 просмотра

Жақында №2 Атырау қалалық сотында полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Оның салғырттығынан  ҚПБ ғимаратындағы уақытша қамау  изоляторында қамауда отырған адам асылып қалған.

Істің барысына тоқтала кетейік. 10 наурызда полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабын (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бұзғаны үшін 52 жастағы Атырау тұрғынын ұстап алады.  Оны қалалық полиция басқармасына жеткізіп, әкімшілік құқықбұзушылық жасағандарды қамау камерасына әкеледі. Өзінің қызметтік міндетіне сәйкес, сержант Бекжановқа сол арнайы орында болып, тәртіптің сақталуын қадағалау жүктелген болатын. Алайда ол камераны қараусыз қалдырып, өзі түстенуге кетеді де, сол аралықта ондағы бір ер адам асылып үлгереді.

Сотқа түскенде іс бойынша оған ҚР ҚК-нің 371 бабы 2 бөлігімен Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық») айып тағылған.

№2 қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен оның бас бостандығы  жыл жарым мерзімге шектелді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 мамыр 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.