Атырау, 25 сәуір 02:31
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мақсот аға қалжыңдаған «тонаушыны» қуып жетті

Бейнежазба
4 371 просмотра

Үтіктелген ақ жейде киіп, үйлесімді көзілдірік таққан ағай Жайық жағалауында жүрген жас "бұзақының" мойнын бұрап алуға шақ қалды.

Бұл бейнежазба әлеуметтік желіні жағалап кеткенде, қаланың жарты тұрғыны - бұл әулетімен жүгірумен айналысатын  және салауатты өмір салтын ұстанатын Макс қой деп, танып жатыр.  «Тонаушының» артына ілескен адамды көргенде, оған жаным ашып кетті. Себебі Мақсот Құрманбаев жиырма жылдай велосипед теуіп, жүгірумен айналысады. Ал оның әкесін қаланың байырғы тұрғындары жақсы таниды – қадірлі Бақтығали ақсақал кеудесінен жаны шыққанша қысы-жазы Жайық жағалауында жүгіретін.  

- Бір қыз «сөмкемді ұрлап кетті!» деп айқайлап жүгіріп өткенде, орындықта отырған едім! – Оған қатты жаным ашып кетті, себебі сөмкесі оған аса қымбат еді – ішінде құжаттары, ақшасы, телефоны, кілті бар, тіпті олар барлық маңызды құжаттарын соған салып жүреді ғой. Артынан қуа жөнелдім. Әуелі жәй жүгірдім, қанша дегенмен жас жігіт қой, жүрісін үдете түсті, мен де қалыспай қуып келем. Одан кейін денем қызып жетіп алдым. Енді секіріп, сөмке ұрлағанды көрсетейін деп желкесін қағып жіберуге шақ қалғанда, дер кезінде достары шулап шыға келді. Тура кинодағыдай болды...  Түкке тұрғысыз әзіл екенін түсініп қалдым. Тек мені ашу қысып, жаман сөз айтып жіберген осы бейнежазбаны көрген қызымнан ұят болды. Бірақ, бойымды тез жинап алғаныма қуанып отырмын: мен ұлымды қанша ашу қысса да, үнемі сабырлы болуға үйретіп отырамын. Бірақ, шынымен мойнын бұрап алғым келген, тек достарың сені пайдаланып, ақымақ қылыпты дедім.  Мен болмасам, басқа біреу жүгіріп келіп тас төбесінен ұрып, бетонға құлатса, басы жарылар еді. Түсінген шығар деп үміттенемін, - дейді Мақсот Құрманбаев.

- Пікір қалдырушылар сіздің жасыңыз нешеде екенін біле алмай жатыр.  

- Биыл 62-ге толдым.

- Осыдан төрт жыл бұрын сізден 40 келі салмақты қалай тастағаныңыз туралы сұхбат алған едім. Салмағыңызды сақтап тұрсыз ба?

- Негізі, салмақ тастау қиын емес, оны ұстап тұру қиындау. Карантин кезінде тоңазытқыш бос тұрғасын салмақ қосқан жоқпын. Көшеде жүруге рұқсат берген бойда серуендеп, жүгіріп, велосипедке отырдым.  Күніне 10-20 шақырымды еңсеремін. Қыста болмаса, көлікке көп отырмаймын. Қозғалыс дегеніміз өмір сүру.  Бұл өмірден жас болып әрі ешбір дәріге мұқтаж болмай кетемін деп жиі әзілдеймін. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 мамыр 2020, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.