Атырау, 17 сәуір 03:10
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Павлодар облысында қақтығыс болып, полицейлер оқ атты

3 204 просмотра

Полиция қызметкерлері жергілікті кәсіпорындардан күл қалдығын жинайтын қарауылдармен қақтығыс кезінде оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға Павлодар облысы Береке ауылының маңында болған. Мұны видеоға куәгерлер түсіріп алған. Видео кадрларынан бір топ ер адамды, полиция қызметкерлерін және жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері көрінеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл қақтығысқа себеп - жергілікті кәсіпорындардан күл-қоқыс қалдықтары заңсыз алынып келген. Бұл әрекетке Береке ауылының шамамен 30 тұрғыны қатысқан.  

"ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді өңірлік полицейлер.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері атысты полицейлердің бастағанын растады.  Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындарды тыныштандырып, жағдайды ушықтырмау үшін ауаға оқ атылған. Осыданг кейін жағдай тұрақтанды дейді.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

14 мамыр 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.