Атырау, 20 сәуір 15:35
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жаңа туған сәбилер әзірге анасынан бөлек болады

3 288 просмотра

Коронавирус инфекциясына тексерілген екі нәрестенің сынама нәтижесі бүгін шығу керек. Қазір олар аналарынан бөлек арнайы өңделген «таза» палатада жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аслан ЖЕҢІСҰЛЫ хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше коронавирус жұқтырған екі жүкті әйел жұқпалы аурулар ауруханасында босанды. Оларды облыстық аурухананың білікті хирургы, анестезиологтары, сондай-ақ облыстық перинаталдық орталықтың мамандары босандырып алды. 29 жастағы әйел кесір тілігі арқылы салмағы 3620 грамм, бойы 53 сантиметр болған қыз туды. Ал 24 жасар әйел салмағы 4270 грамм және бойы 56 см ер баланы дүниеге әкелді. Шақалақтардан COVID-19-ға анализ алынды, оның нәтижесі бүгін белгілі болады деп күтілуде.

Бұған дейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ ауру белгілері байқалмайтын науқастарға ем берілмейтіні туралы айтқан болатын. Алғашқы үш күн стационарда болады, онда олар КТ, рентгенография, ПТР-диагностика жасап, толық тексеруден өтеді. Содан кейін карантинді қатаң сақтау туралы қолхат жазып алып, үйге жібереді. Бұл жүкті әйелдерде ауру белгілері болған жоқ. Алайда, А.Жеңісұлының айтуынша, әйелдер толық емделгенге дейін стационарда болады. Шамасы, бұл сәбилерге жұқтыру қаупімен байланысты болар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Бейнежазбаны түсірген автор

13 мамыр 2020, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.