Атырау, 25 сәуір 10:59
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сарғайып жеткен су

4 265 просмотра

60 мыңдай тұрғыны бар Құлсары қаласында ауыз су тапшылығы мәселесі жыл сайын күрделеніп келеді. Құлсарылықтар жақында «АЖ»-ға хабарласып, осы мәселені тағы да көтерді.

-Біз тұратын ықшамауданда су сағаттап беріледі, кейде мүлдем болмай қалады. Оның үстіне ауыз судың түсі өзгеріп, сарғыштанып кетіп тұр. Су таза емес, - дейді «Вокзал» ықшамауданының тұрғындары.

Қыс кезінде қала халқына тәулігіне 5,5-6,5 мың текше метр су босатылса, ал күн жылына келе көлемі екі есеге дейін өседі. Техникалық су линиясы жоқ болғандықтан тұрғындардың көпшілігі бау-бақша мен тал-терекке ауыз суды пайдаланады.  

-Тұрғындар ауыз суды мақсатсыз пайдаланғандықтан көпқабатты үйде тұратындар оны сағаттап күтуге мәжбүр, - дейді «ЖылыойСу» КМК директоры Берік АЛАГУЗОВ. Былтыр көпқабатты үйге сорғы қойып, жоғары қабатқа тез көтерілуіне мүмкіндік жасадық. Биыл тағы қиындық туса сол сорғыларды пайдаланамыз. Қазір қалаға тәулігіне 11 мың текше метр су беріліп тұр. Әзірше тұрғындар тарапынан шағым түсіп жатқан жоқ, рас «Вокзал» ықшам ауданына су соңынан жететіндіктен көпқабатты үйлерде су тапшылығы болды.  Енді бұл қалпына келді.

-Тұрғындар су таза емес, біртүрлі сарғыш түсті деп шағымдануда.

-Біз суды «Астрахан-Маңғышлақ» топтық су құбыры желісінен аламыз. Былтыр су құбырының кейбір бөлігі жаңартылған еді, соның салдары ма деп ойлаймыз. Негізі басқа да себептерін іздестіріп жатырмыз. Ал пайдаланған судың төлемақысын уақытында төлеген жөн екенін  тұрғындардың есіне салғым келеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

13 мамыр 2020, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.