Атырау, 19 сәуір 03:30
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жаназаға ет жақын туыстары ғана қатыса алады

3 771 просмотра

Облыс шеңберінде растайтын құжаттары болса, жақын туыстарының жаназасына бара алады.

- Тек ет жақын туыстарына ғана рұқсат етіледі. Атырауға кіріп-шығуға рұқсатты ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабтан алу керек. Ол үшін штабқа құжаттар жалғанған электронды хат жолдайды, - деп жауап берді онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВА. Бас санитарлық дәрігер Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ жаназа шығару кезінде де барлық сақтық шараларын сақтау қажеттігін, өйткені жаназа және ас беру қаделерінде коронавирус жұқтырған жағдайлар кездескенін атап өтті.

- Көпшілік жиналатын ешқандай рәсім өткізуге болмайды, - деді ол.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

13 мамыр 2020, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.