Атырау, 20 сәуір 21:11
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Біраз көшенің арам шөбі жиналмай қалатын болды

4 330 просмотра

Өткен жылдың наурыз айында қала әкімдігі «AG Desinfection services» ЖШС-мен қала көшелері мен қала маңын арам шөптен тазалау туралы келісімге қол қойды. Пилоттық бағдарлама бойынша 35 млн теңгеге 376 көше тазартылды.

Бұл жұмыстар жақсы нәтиже бергесін, билік биылғы жылы осы мақсатқа 200 млн теңге бөлуді жоспарлаған болатын. Бірақ іс жүзінде сол мердігерге небәрі 7,8 млн қаржы бөлінді.

- Мен өз уйімнің маңайын, көше бетін үнемі таза ұстаймын, - дейді Атырау тұрғыны Людмила, - ал көршілер өз үйінің айналасын жинамайды. Былтыр қала әкімдігі солардың үйінің алдындағы арам шөп пен арасында тұрып қалған қоқысты жинап алып кеткенде, қатты таң қалдым.

Биыл бұл бағытқа аз ақша қаралған, біраз көше жиналмай қалатын болды. Халық үйреніп-ақ қалып еді… 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 мамыр 2020, 00:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.