Атырау, 29 наурыз 13:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​COVID-19 тесті неліктен жалған нәтиже көрсетуі мүмкін – биолог жауабы

2 993 просмотра

Коронавирусты анықтауға арналған тестілерде қате нәтиже коронавирустың барлық кезеңдерінде көрсетуі мүмкін, деді биология ғылымдарының докторы Анча Баранова. Маманның айтуынша, аурудың бірінші кезеңде аурудың белгілері болмаса да, вирус көбейеді, ал оның тасымалдаушысы инфекцияны таратады.

«Науқастардың 40%-ы коронавирусты ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардан жұқтырады. Бірінші кезеңнен кейін ауру белгілері байқала бастайды. Алайда кейбір адамдарда ауру бірінші сатыдан өтпейді», - деді ол. 

Биологтың айтуынша, бірінші кезеңде вирустың басылуы ағзаның табиғи қорғаныс жүйесін құратын интерферондардың әсерінен болады. Ол вирусты антиденелерсіз-ақ жеңе алады, сондықтан коронавирус жұқтырған адамда коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже беруі мүмкін. Екінші кезеңде симптомдар пайда болады: дене қызуы және жөтел, содан кейін тыныс алудың қиындауы. Бұл кезеңде вирус әлі де көбейеді, сондықтан коронавирусты емдейтін вирусқа қарсы препараттарды қолдану орынды. Сонымен қатар ағза қосымша қорғанысты іске қосады. Екінші кезеңнің ортасында ол антиденелер шығара бастайды. 

«Ауру кейбір адамдарда екінші кезеңмен де тоқтап қалуы мүмкін, ол кезде ауру одан ауыр жағдайға ауыспайды. Бұл кезеңде вирус антиденелерден жеңілуі мүмкін, бірақ ауру әлі де асқына береді. Мұндай жағдайда тест жалған теріс нәтиже көрсетуі мүмкін», - деп толықтырды Баранова. 

Ол үшінші кезеңнің өте ауыр өтетінін айтып өтті. Көбінесе осы кезеңде науқастар өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылады. 

«Үшінші кезеңде вирус әлдеқайда аз деңгейде көбейеді. Бұл кезеңде сауығып кету адам ағзасының тұрақтылығына байланысты болады», - деп түйіндеді маман.

Дереккөз: 24.kz

11 мамыр 2020, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.