Атырау, 28 наурыз 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ақтерек Атырауды жерсінбей ме?

Сурет Бейнежазба
5 781 просмотра

- Жеңіс саябағындағы ақтеректер қатты ауырып тұрғандықтан кесілуде, - дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. Бұл «АЖ» сайтының «Мен куәгермін» айдарындағы қала тұрғыны Артурдың наразылығына берген жауабы еді.

Өкінішке орай, теректерді кесу - мәжбүрлі шара. Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты шығарған қорытынды негізінде ақтеректерді кесу жұмыстары басталды. Ғалымдар олардың 5-7 жылдан бері бактериалдық жемір және бактериалдық шемен ауруына шалдыққанын анықтады. Олардың діңінде сұр түсті бүртік пайда болып, әрі қарай ол жерлер жарылады. Содан соң үлкен ойыққа айналып, қоңыр түсті сұйықтық ағады, - дейді Ұ. Тінәлиев.

Жалпы, Атырауда ақтеректің пирамида пішіндес, ақ, қара, сұр, бальзам иісті және т.б. түрлері некрозды-жемір ауруларына шалдыққан. Ақтерек батпақты топыраққа төзе алмайды, ал біздің топырағымыз сазды әрі тұзды екені белгілі. Тамыры тереңге кетіп, тез өсетін ақтерек топырақтың төменгі тұзды қабаттары мен тұзды жерасты суларына жеткен соң, семи бастайды. Алдымен жоғарғы бұтақтары, содан соң қалғаны қурайды. Өкінішке орай, бұл емделмейді. Бір ғана жолы – ақтеректі тұзға төзімді ағаш түрімен ауыстыру керек.


Мамандар, атап айтқанда, 50 жылдық тәжірибесі бар агроном Серік ЕСЕТОВ ақтеректі саябақ пен көшелерге емес, Жайық жағалауына отырғызған жөн дейді. Әйтпесе, сырқат әрі қураған ағаштарды тамырымен қопару алдағы уақытта қаланы көгалдандырушылар үшін үлкен қиындық тудырады екен.

Жеңіс саябағындағы ауырып тұрған ақтеректерді кесу жұмыстары жалғасып жатыр. Олардың орнына сары қарағанның 65 көшеті отырғызылған, 750 шаған ағашын егу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, бұл жерге 816 алма ағашы егілген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

6 мамыр 2020, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.