Атырау, 29 наурыз 06:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Полиция қызметкерлерінің әшкере болған әрекеттері

6 035 просмотра

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінде кеңес өтті. Онда үкімі шыққан және әлі де тергеліп жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер талқыланды.

Атап айтқанда, биылғы жылдың наурыз айында Полиция департаментінің тылдық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы бастығы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылып, оған 3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол қызметтік автокөлікке қызмет көрсетуге келісімшарт жасауға көмек көрсеткенім үшін деп кәсіпкердің мүлкін алаяқтық жолмен иемденіп алған.  

Сәуір айында қару сақтау үшін рұқсат қағазды жеделдетілген түрде шығарып бергені үшін пара алған  әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторына сот үкімімен 600 мың теңге айппұл тағылып,  мемлекетттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сол айда Атырау қалалық полиция басқармасында кезекшінің көмекшісі сотталып, өзінің қызметтік міндетін тиісінше орындамай, салдарынан ҚПБ  арнайы бөлімшесінде әкімшілік қамауда болған азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Сол үшін оның жыл жарым мерзімге бас бостандығы шектелді.

Қазір ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы бастығы мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық іс соттың қарауында. Олар бірнеше алаяқтық жасап, қызметтік жалғандық жасаған.  

Департамент аяқталған қылмыстық іс бойынша  қызметкерлердің қылмыс жасауына ықпал еткен жағдайларды жою туралы ұсыныс шығарады.  Жыл басынан бастап ПД-ға осындай 17 ұсыныс берілді. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 мамыр 2020, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.