Атырау, 20 сәуір 16:02
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда автобус иелері де қиналуда

3 375 просмотра

Карантинге байланысты мұнайлы астанадағы өзге мекемелер секілді «Atyrau-Avtopark» ЖШС-де экономикалық қиын жағдайға тап болды.

Қала ішінде  жолаушы тасымалдау тоқтатылды (медиктерді таситын әкімдік жалдап отырған бірнеше автобустан басқа). Ал бұған дейін мекеме лизинг келісімшартымен Семей қаласындағы «DAEWOO BUS» ЖШС-нен 91 автобус сатып алған. Енді соған сәйкес 250 млн теңге қарыз жиналып қалды.

Қазіргі жағдайды ескеріп, Семейдегі «DAEWOO BUS" мекемесінен төлем мерзімін кейінге шегеруді өтінген едік, олар әлі шешім қабылдаған жоқ, - дейді «Atyrau-Avtopark» ЖШС директоры Ниязбек МҰҚАШЕВ. – Негізі қарыздың бұл мөлшері онша көп емес, егер келіспесе, олардың автобусқа тыйым салу құқы бар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 сәуір 2020, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.