Атырау, 29 наурыз 05:24
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қиғаштың жағдайы жаман емес

Бейнежазба
5 721 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазбадағы су айдынында дамылсыз шоршыған балықтың көптігінен көз қуанады. Балықтың дені – қаракөз. Бұған көпшілік таңырқап, қуанып, мұндай сұлулықтың қай жерде екенін білгісі келіп, сауалдар қоюда. Сөйтсек, бұл Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені екен. Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ өз комментарийінде толығырақ түсіндірді.

«Ресей Федерациясындағы әріптестеріміздің ақпараты бойынша, «Росводресурсы» нұсқауларына сәйкес, Жигулевск, Саратов және Еділ ГЭС-тері Еділ-Ахтуба алқаптарының суын молайтып, балықтың уылдырық шашуына қолайлы жағдай жасау үшін су ағымын көбейтті. Алқапқа жіберілетін судың жоспарланған жалпы көлемі 105 км3. Бұл көпжылдық орташа мәнге сәйкес келеді және 2019 жылы 70 км3 болған су тасқыны кезіндегі су жіберу көлемінен едәуір көп.

Еділ-Кама каскадының соңғы станциясы болып саналатын Еділ ГЭС-і арқылы су ағымы біртіндеп артып, 13 сәуірде 25 000-25 500 м3/с көлемінде максималды деңгейге жетті. Су ағымы бес күн бойы осы деңгейде болды, қазір біртіндеп азайып жатыр. 22 сәуірде ол 16000 м3/с деңгейіне жетеді.

Құрманғазы ауданы арқылы ағатын Қиғаш өзені Еділдің төменгі алқабынан бастау алады. Тиісінше, Қиғаштағы су деңгейі 2019 жылғы көлемнен едәуір асады. Сондықтан уылдырық шашуға келетін балықтың едәуір көбейгені байқалады. Қазіргі уақытта су деңгейінің көтерілуіне байланысты балықтың жаппай қырылу қаупі жоқ».

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

20 сәуір 2020, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.