Атырау, 29 наурыз 19:21
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​"Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс​". "Горгандағы "Қазақ махалла" дәрігерінің вируспен айқасы​". "Қазақстан Қытайға тиесілі" деген сипаттағы мақала наразылық нотасына түрткі болды​".

2 691 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жээнбеков Қытай басшысынан қарызын өтеуге көбірек уақыт беруді сұрады» - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, өзге мәселелермен қатар Қырғызстанның Қытайдан алған несиесі мәселесін де қозғаған. Жээнбеков Қырғызстанға Қытайдан алған қарызын өтеуге көбірек уақыт беруді және несие өтеуді жеңілдету жағын қарастыруды сұраған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

«"Қазақстан Қытайға тиесілі" деген сипаттағы мақала наразылық нотасына түрткі болды»" - Қазақстан Қытайдың Sohu.com сайтында жарияланған “Қазақстан неге Қытайға оралуды қалайды?” деген мақалаға қатысты Пекинге наразылық нотасын жолдады. Біраз уақыттан кейін сайтта мақала ашылмай қалды. Қарсылық нотасына себеп болған мақалада не жазылған еді? Мақаланы басқан Sohu.com қандай сайт?

«Горгандағы "Қазақ махалла" дәрігерінің вируспен айқасы» - Иранда тұратын этникалық қазақ Мехрдад Чалактың мамандығы дәрігер. Коронавирус жұқтырып алған соң үйден ем қабылдаған ол Иранда індет өршіген тұста аймақ ауруханасында орын жетпегенін айтады.

STAN.KZ«Еңбек министрі Нұрымбетовтың ағасы пара алды деген күдікпен ұсталды» - Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Тимур Нұрымбетовті 9 000 000 теңге көлеміндегі ақшаны алып жатқан кезде ұстады. 

"Жеңіс Ысқақова: Оқушы кезімде түс көрдім, сол күні әкемнің өлетінін білдім" - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Жеңіс Ысқақова балалық шағы мен отбасы, ата-анасы туралы айтты. Әнші бала күнінде түсінде көрген аян арқылы асқар тауынан айырылатынын білген екен. 

«Маскасыз жүру - қылмыстық жауапкершілік: Қазақстандықтар нені білуі тиіс» - Қазақстандықтар медициналық маска тақпағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма? Карантин режимін бұзушыларды жаппай ұстау полицияның мақсаты емес екенін атап өткім келеді. Біздің қызметкерлер азаматтармен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, алдын-алу шаралары тек карантиндік нормаларды бұзушыларға қолданылады.

«2018 жылы шыққан корейлік сериалда коронавирус жайлы айтылған» - 2018 жылы Netflix-те эфирге шыққан Оңтүстік Кореяның "My Secret Terrius" телехикаясында коронавирустық пандемияға болжам жасалған. Сериалдың оныншы түсірілімінде қолдан жасалған ауру туралы айтылады. Бұл CoViD-19 дертіне өте ұқсас. Аурудың басты ерекшелігі - соңы өлімге әкелетіні. Сериалда аурудың террористердің араласуымен болатыны айтылады. Оның үстіне, бұл шынайы өмірге қарағанда әлдеқайда жұқпалы.

NUR.KZ. «Сумах коронавирус инфекциясына ем бе» - Әлеуметтік желіде "сумах деген өсімдік коронавирус инфекциясына ем екен" деген ақпараттың тараған. Осыған байланысты еліміздің діни басқармасы пікір білдірді. Белгілі болғандай сумах Африка, Шығыс Азияда елдерінде өседі. Түркияда бұл өсімдік көбіне дәмдеуіш ретінде қолданылады. 

15 сәуір 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.