Атырау, 25 сәуір 09:42
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Коронавирустан отандық әуе компаниялары қанша қаражат жоғалтты?", "Қытай стратегтері «гибридті соғыс» жүргізуді үйреніп жатыр", "Болат Назарбаев: Ағамнан қызмет сұрап көрмедім", "Гитлердің КСРО-ға шабуылы әр елдің мектеп оқулықтарында қалай жазылып жүр?"

3 150 просмотра

NEGE.KZ. «Ахметжан Есімов: «Самұрық-Қазынада» жағдай тұрақты» - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар Қордың қоржынды компанияларының үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен үкімет отырысында Қор басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

«Қытай стратегтері «гибридті соғыс» жүргізуді үйреніп жатыр» - Ресейдің Қырымды тартып алуы халықаралық қауымдастық тарапынан сын тезіне ұшырағанымен, Қытайдың әскери мамандары мұны «мінсіз операция» ретінде бағалап отыр. Путин Қырымды Қаһарлы Иван секілді қылыштың күшімен емес, бір оқ шығармай алды. Қалай десек те, бұл – заманауи әскери операция өткізудің озық үлгісі болып қала бермек. Сондықтан да Қытайдың әскери стратегтері орыстар қолданған айла-тәсілді, гибридтік соғыстың ұңғыл-шұңғылын  мұқият зерттеп, жіті талдап, терең зерделеп жатқан тәрізді.

QAZAQTIMES.COM. «Қытайдың ақпараттық шабуылы немесе Орталық Азиядан көздегені не?» -  Соңғы жылдары Орталық Азия өңірінің ірі державалар арасындағы тартыстағы маңызы арта түсті. Соған орай, өңірде саяси процестер жиілеп, державалардың Орталық Азияға деген сыртқы саясаттары, стратегияларында бірқатар өзгерістер де болды. Бұл осы өңірдегі мемлекеттер мен Шыңжаңды қамтыған автономиялы аймақтар үшін жаңа сын-қатерлерді ала келді. Осы ретте Орталық Азия мен Қытай арасында қалыптаса бастаған жаңа қарым-қатынас турасында жас зерттеуші, сарапшы Елдес Орданың мына бір сараптамасын сайт оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. 

ZHASALASH.KZ. «Өз жерін Қытайға қосқысы келетіндер кімдер?» - Қытайдың бірнеше веб-сайтында Қазақстанның егемендігіне күмән келтіретін, саяси-дипломатиялық қарым-қатынасымызға сызат түсіретін мақала жарияланды. Ұятсыздық пен арсыздыққа, екіжүзділік пен аярлыққа толы мақаланың көздегені – жаулық, аңсағаны – арамдық демеке шарамыз жоқ.

«Мен кіммін, тегім кім» тарихи кино нақты оқиғалар мен тұлғаларға неге негізделмейді?» - Ұлттың өткен  тарихын тасқа  басу,  қағазға түсіру  бір  басқа  да, оны кино  тілінде сөйлету бір басқа. Қазір  жұрттың басым  бөлігі кітап  оқығаннан гөрі, көк экранға үңілгенді, интернетке телміргенді жақсы  көреді. Ал, мұндай кезде кітапқа қатталған тарих  шаң басып, бір  бұрышты  қала  берері  хақ.

«Пандемия мен мұнай мұңы Мамин үкіметін ширата алмады» -  Қазіргі сәт әлем елдері жанталасып, жаһанды жайлаған пандемияға жұтылып кетпеуді ойластырып жатқан кезең. Індеттен бөлек, мұнайдың мұңы да әлемді қинап тұр. Осыған байланысты Еуропа одағының қаржы министрлері коронавирус індеті мен мұнай бағасының құлауы  кезінде экономикаға дем беретін құны 500 млрд евро болатын жоспарды мақұлдады. 

ABAI.KZ. «Тарихқа төрелік айтатын Қытай емес...» - Қытайдың әйгілі «Соху» сайтының «Тарих» бағанында жарияланған Қазақстанның тарихын, мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін жоққа шығаратын, халқының ар-намысына тиетін мақаланы мен де оқып шықтым. Дәл қазіргідей Қытайдан тараған коронавируспен күресіп, төтенше жағдайда отырған еліміз үшін, мұны мен жығылғанға жұдырық, немесе халықтың төзімі мен жүйкесін сынаған ақпараттық соғыс деп есептеймін.

«Гитлердің КСРО-ға шабуылы әр елдің мектеп оқулықтарында қалай жазылып жүр?» - Қазір ІІ Дүниежүзілік Соғыстың Шығыс майданын жаһан тарихында «Ұлы Отан Соғысы» емес, орыс-неміс соғысы, кейде екі фашистік идеология жайлаған елдердегі таптық фашист Сталин мен ұлтышыл фашист Гитлер (Hitler) соғысы деп атайтынын енді біле бастадық. Сол кездегі неміс мемлекетін тек большевиктер ғана Фашистік Германия деп атаса, әлем жұртшылығы Веймарлық Германия деп танығандығын отандық тарихшылар да жаза бастады.

«Лукашенко: Беларусьта коронавирустан ешкім өлген жоқ, өлмейді де» - Беларусь президенті Александр Лукашенконың мәлімдеуінше, елде коронавирустан ешкім өлген жоқ, өлмейді де. Президенттің мәлімдемесін мемлекеттік БелТА ақпарат агенттігі таратты. Дегенмен республикада коронавирус жұқтырған 29 адам қайтыс болған.

«Радлов пен Левшин жазған тарихты әлі жұбаныш көріп жүрміз» - Тоталитарлық кеңес дәуірінде қазақ тарихын зерттеуге қиянат жасалып, тарихи шындық көпе-көрінеу бұрмаланып, осындай біржақты тарихтың өзін де өз дәрежесінде оқытуға шынайы көңіл бөлінбей келгендігі бесенеден белгілі. Тек Радлов пен Левшин жазып берген тарихын әлі күні жұбаныш көріп жүрміз. 

QAMSHY.KZ. «Болат Назарбаев: Ағамнан қызмет сұрап көрмедім» - Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың Aina tv Youtube арнасына берген сұхбаты жарияланды. Болат Назарбаев сұхбат барысында ағасынан мүлдем жұмыс сұрап көрмегенін айтты. 

«Коронавирустан отандық әуе компаниялары қанша қаражат жоғалтты?» - Әлемдік авиация индустриясы коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен салалардың бірі және авиация тарихындағы ең ауыр дағдарысты бастан кешуде. Инфекцияның жағымсыз салдары Қазақстанның азаматтық авиация саласына да әсер етті, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

14 сәуір 2020, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.