Атырау, 19 сәуір 21:26
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Министр халықтан кешірім сұрады", "Пандемия кезінде ораза ұстауға бола ма?", "Ұлттық қорға қол салуға тура келеді", "Наразы тұтқынның темір жұтып, аузын тіккенін билік "алдау" деп түсіндірді", "Қашықтан жұмыс: пайдасы мен зияны қандай?»".

4 838 просмотра

ZAKON.KZ.  «Алкоголь коронавирустан қорғамайды – мамандар» - Бүгінде қауіпті инфекцияны жұқтырудан қорқу жағдайында кейбір адамдар алкоголь өнімдерін сатып ала бастады.

«Гүлшара Әбдіқалықова: Ереже орындалмаса, тәртіп сақталмаса жұмыс еш нәтиже бермейді» - Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықова коронавирус жағдайына байланысты облыс тұрғындарына үндеу тастады.

"Пандемия кезінде ораза ұстауға бола ма?" - Исламның бес парызының бірі небәрі екі аптадан кейін басталады. Елдегі карантин режимі сәуір айының соңына дейін жалғасатын болды. Шетелдік тәжірибені ескерсек, бұл әлбетте дұрыс шешім. Алайда, күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Рамазан айының жайы не болмақ?

AZATTYQ.ORG. «Наразы тұтқынның темір жұтып, аузын тіккенін билік "алдау" деп түсіндірді» - Тараз түрмесіндегі тұтқындардың бірі колония басшылығына наразылық ретінде аштық жариялады, енді бірі аузын тігіп тастады. Қылмыстық атқару жүйесі "ұдайы тәртіп бұзатындар" "қоғам назарын басқаға бұрып, алдау үшін" өз денесіне әдейі жарақат салады дейді. Құқық қорғаушылар тұтқындарға адвокат жалдап, омбудсменге есеп жолдамақ.

«Желаяқ. Қазақ марафоншысының спорт, саясат пен карантин жайлы әңгімесі» - Адамдар жүгіргенде, міндетті түрде шаршап, су терге түсу керек деп ойлайды. Мұндайда жылдамдық үдеп, жүрек тасқа айнала бастайды, — деп түсіндіреді Марат Жыланбаев.

«Қашықтан жұмыс: пайдасы мен зияны қандай?» - Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындар да, болашақта қашықтан жұмыс істеуге көшу керек дейтіндер де бар.

"Ұлттық қорға қол салуға тура келеді". Коронавирус, мұнай және Қазақстан» - Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? 

DALANEWS.KZ. «Кен Әлібек: “Коронавирус биологиялық шабуыл емес”» -Биологиялық қарудан қорғану саласы бойынша дүниежүзі бойынша санаулы мамандардың бірі Кеннет Әлібек ukraina.ru сайтына сұхбат беріп, адамзаттың мазасын алған коронавирус індеті жайындағы ой-пікірін ортаға салыпты.

NEGE.KZ. «Қытай темірдей тәртіптің арқасында аман қалды» - Қытай қауіпті індеттің бетін қалай қайтарды? Қазақстан билігіне не істемек керек?

«Путин толық тізе бүкті» - Ақыры Сауд королі дегеніне жетті. Саудиямен арадағы мұнай соғысында Путин іс жүзінде жеңілгенін мойындап, толық тізе бүкті. Мұнай өндіруді бір баррельге де азайтқысы келмеген Ресей енді барынша қысқартуды өзі сұрап отыр. 

«Бюджет 2020. Ұлттық қордың соры мен 20 доллардың жыры» -  Биылғы жылдың бюджеті Ұлттық қорға ауыр соққы болып тимек. Қорда қалған 27 триллионның 4,7 триллион теңгесін бір жылда жағып жіберейін деп тұрмыз. Дәл осы қарқынмен құрта берсек, Ұлттық қор 5 жылдан кейін сарқылады. Төтенше жағдай кезінде нақтыланған бюджет парламентте талқыланбай жедел қабылдана салды.

ZHASALASH.KZ. «Әкімдерге сонша орынбасар неге керек?» - Бас-аяғы жеті-сегіз-ақ сағат жауған қар Шымкенттің ақ жағалыларының қаншалықты «іскер» екенін көрсетіп берді. Қаланың коммуналдық шаруашылығын басқарып отырғандар, әсіресе олардың үстінен қарайтын әкімнің орынбасары Нұрсадық Ергешбек өздерінің қолдарынан не келетінін сол қар жауғаннан бері дәлелдеп бағуда.

«Министр халықтан кешірім сұрады» - Төтенше жағдайда халыққа берілуі тиіс 42 500 теңгенің не үшін халыққа кешігіп жатқаны түсіндірілді. Бұл қолайсыздыққа байланысты Еңбек жәні халықты әлеуметтік қорғау министрі Біражан Нұрымбетов алдымен халықтан кешірім сұрады.

«Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы неге жазаға тартылмай отыр?» - Басшыларының немкеттілігінен өзіне «коронавирус індетін жұқтырдым» деп санайтын Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның әлеуметтік желідегі жазбасы әлеуметті дүр сілкіндірді. 

«Әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары абдырап жатыр, Қазақстанға қайтпек керек?» - Бүгінде әлемдегі ең ірі зейнетақы қорлары экономикалық ахуалға байланысты қиындықтар туып отырғанын ашып айтуда. Мәселен, Жапонияның үкіметтік зейнетақы қоры 2019 жылы 136 млрд доллар жоғалтқан. Сол тәрізді Италияның да инвестициялық зейнетақы қоры соңғы алты айда жылы 98 млрд доллар жоғалтқан. Қазір Италияда инфляция деңгейі өсіп, халық жаппай қымбатшылықты қатты сезініп отыр.

13 сәуір 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.