Атырау, 29 наурыз 18:50
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Дәрігерлер дертті болса, басқасына не жорық?", "«ЕО шектеу шарасын 15 мамырға дейін ұзартуға шақырды", "Лондон соты Нұрәли Әлиев пен Дариға Назарбаеваның қымбат үйіне шыққан ордердің күшін жойды".

2 595 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Атырау облысы ҚАЖД пробация қызметі белсенді Мұқатованы түрмеге қамауды сұрады» -  Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі сотқа "Экстремистік ұйымның ісіне араласты” деп бір жылға бас бостандығы шектелген белсенді Дианара Мұқатованың жазасын «бас бостандығынан айыруға» ауыстыру туралы ұсыныс түсірді.

«Лондон соты Нұрәли Әлиев пен Дариға Назарбаеваның қымбат үйіне шыққан ордердің күшін жойды» - Лондонның Жоғарғы соты 8 сәуірде “шығу төркіні белгісіз байлыққа алынған үш жылжымайтын мүлікті” бұғаттау ордерінің күшін жойды. Бұл үш қымбат үйдің бірінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиев тұрып жатқан.

«ЕО шектеу шарасын 15 мамырға дейін ұзартуға шақырды» - Еуроодақтың атқарушы органы - Еуропа комиссиясы коронавирус індетінің жайылуын тежеу үшін одақтың визасыз аймағында қозғалысқа шектеуді кемінде 15 мамырға дейін ұзартуға шақырды.

STAN.KZ. "Ешқандай мемлекет COVID-19-ға қарсы ем таппайды": Экстрасенс пен нумеролог коронавирус қашанға дейін созылатынын айтты - Еліміздің танымал көріпкелдері вирус қашан бітетініне, карантин қашанға дейін созылатынына болжам жасады . 

"Босатылғаннан кейін бірден ата-анамның басына бардым": Мұхтар Жәкішев бостандықтағы өмірі жайлы» - Наурыз айында бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішев бүгін әлеуметтік желілердің бірінде тікелей эфир арқылы қолдаған жандарға өз алғысын айтты. Оның айтуынша осы уақытқа дейін жанкүйерлерінің жылы лебіздері жанына демеу болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Коронавирусты 48 сағат ішінде емдейтін препарат табылды» - Австралиялық Монаш университетінің және Мельбурндегі корольдік госпитальінің ғалымдары антипаразитарлы препараттың әсері коронавирустың рекордтық мерзімде таралуын бәсеңдететінін анықтады.

AZATTYQ-RUHY.KZ. «Жәкішев: «Күніне екі сағаттан артық өнімді жұмыс істей алмаймын» -Жақында бостандыққа шыққан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бүгін facebook желісінде тікелей эфирге шығып, денсаулығы, алдағы жоспары туралы бөлісті.

«Коронавирус жұқтырған дәрігер аурухананың басшыларын айыптап, мәлімдеме жасады» - Қауіпті вирус жұқтырған жамбылдық дәрігердің мәлімдемесіне министр араласты. Меркі аудандық ауруханасының дәрігер-инфекционисі Толқынай Ордабаева әлеуметтік желіге жариялаған мәлімдемесінде аурухана басшыларын айыптаған. Оның айтуынша, ол емдеу мекемесі басшылығының немқұрайлы әрекетінен дертке шалдыққан.

ZHASALASH.KZ. «Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?» - Бұрынғы Кеңес Одағының 14 республикасы, қазіргі 14 дербес мемлекет өз ұлтын сақтап, дамытып жатыр. Біз «қазақ ұлт болып, еңсеміз көтерілді ме?» деген шақта, ұлттығымызды жоғалтуға қарсымыз.  «Қазақ ұлты» деген ұғымды жоғалтқысы келген Үкімет бізден және шетелде жүрген 5 миллионнан астам қазақтан рұхсат сұрады ма? Жоқ.

«Карантиннен кейін де өмір бар» - Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырғандардың саны көбейе бастады. Кешегі күнгі мәлімет бойынша өңірде COVID-19 дертімен науқастанғандардың саны 33-ке жетті. Жетісайлық бір науқас қайтыс болды. Өңірде ауру жұқтырғандардың жартысына жуығы осы Жетісай ауданының тұрғындары. Осыған байланысты аталған ауданда алдын алу шаралары жүргізілуде. Ауру ошағы саналатын елді мекендерге, көшелерге, тұрғын үйлерге карантин енгізілді.

«Дәрігерлер дертті болса, басқасына не жорық?» -  Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев қытайвирус туралы әңгіме болса, «тек қана ресми ақпаратқа сеніңіздер» деп жиі ескертіп жатады. Бірақ бүгінде қай ақпараттың ресми, қайсысының ресми емес екенінен оп-оңай жаңыла бастадық. Өйткені нақты ақпарат таратуда бірізділік жоқ. Емделушілер арқылы коронавирус жұқтырған дәрігерлердің саны әр ақпарат көздерінде түрліше жазылып жүр. 

«Мүгедектерді мүсіркеуден аспайтын сараң биліктен не қайыр?» - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков коронавирусқа қатысты еліндегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін «сәтті сәрсенбі» бағытында жұмыс істеуге шақырды. Енді Бішкекте сәрсенбі күндері мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмек жасалады. Мемлекеттік төлем, қайырымды жандардан қолдау, медициналық қызмет түрі, дәрі-дәрмек жеткізу – барлығы Қырғыз елінде  осы «сәтті сәрсенбі» бағытымен жүзеге асады. Қырғыз үкіметінің осы бір  жобасы қазір біраз бұқараны қызықтырып отыр.

9 сәуір 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.