Атырау, 20 сәуір 02:04
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Адам ағзасындағы қандай дәрумен коронавирусқа қарсы күресе алады

4 516 просмотра


Ирландиялық ғалымдар ағзадағы қандай дәруменнің тапшылығы коронавирусты күшейтуі мүмкін екенін анықтады. 

D витамині иммундық жүйенің респираторлық инфекцияларға, соның ішінде COVID-19-ға төзімділігі үшін жауап береді. «Біз жүргізген зерттеу ағзасында D дәрумені аз адамдардың инфекцияға қарсы иммундық реакцияның әлсірейтінін көрсетті», - деді дәрігер Имон Лэйрд. 

Ғалымдар D дәрумені әсіресе респираторлық инфекциялармен ауыратын қарт адамдар үшін өте маңызды екенін айтты. D дәруменінің негізгі көзі – күн. 

Егер адамға күн сәулесі жетіспесе, дәрігерлер ағзаны D дәрумені бар өнімдермен байытуға кеңес береді. Әсіресе, жұмыртқа, бауыр, майлы балық, жарма мен сүт өнімдеріне ерекше мән беру керек.

Дереккөз: 24.kz

7 сәуір 2020, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.