Атырау, 19 сәуір 02:58
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстандық банктердің жаңа жұмыс кестесі жарияланды

4 586 просмотра


Бұл туралы Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің бірлескен бұйрығында айтылған.

Екінші деңгейлі банктер мен поштаның ұлттық операторы төтенше жағдай кезінде қандай филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істейтінін өздері шешуі тиіс. Алайда жұмыс уақыты таңғы 9-дан 17.00-ге дейін болатыны ескеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің бірлескен бұйрығында айтылған.

Құжатқа сәйкес, 2020 жылдың 6-12 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төтенше жағдай кезінде кірісті жоғалтуына байланысты зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек және әлеуметтік төлемдер алуға қажеттілігі бар жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін банк филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істейді.

"Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы және қызметі банкноттар мен монеталарды инкассациялаумен байланысты заңды тұлғалар экономика субъектілері мен халықты қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша үздіксіз қызметті жүзеге асыруы қажет. Бұл қызмет жұмыс уақытында атқарылуы тиіс", -делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан қор биржасының және бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің жұмыс кестесі 9:00-ден 15:00-ге дейін болып белгіленді.

Банк бөлімшелері мен филиалдарының тізімі және олардың жұмыс кестесін мына жерден көре аласыз. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

7 сәуір 2020, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.