Атырау, 29 наурыз 03:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ресей өзге елдермен әуе қатынасын тоқтатты

2 947 просмотра


Ресей 27 наурыздан бастап коронавирус кең тараған елдерден тұрақты және чартерлік халықаралық әуе қатынасын тоқтатады деп хабарлады ТАСС агенттігі.

РФ үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай шешім ел үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесі президиумы отырысында қабылданған.

Алайда бұл шектеу коронавирус тараған елдерден ресейліктерді жеткізу жұмыстарына қатысы болмайды.

«2020 жылдың 27 наурызы, сағат 00:00-ден бастап Росавиация Ресей әуежайларынан шетел әуежайларына және олардан кері тұрақты және чартерлік ұшуларды жүзеге асыруды тоқтатады. Бұған коронавирус індетінің таралуына байланысты шет мемлекеттерден ресейліктерді Ресей Федерациясына шығарумен байланысты рейстер енбейді», - делінген отырыс қорытындысы бойынша жүктелген тапсырмада.


26 наурыз 2020, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.