Атырау, 29 наурыз 14:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 920 просмотра

ДОЙБЫ


Атырауда ардагерлер арасында облыс чемпионаты өтті.  

Жастары 50-ден асқан ерлер арасында чемпиондықты Қуаныш Айдынәлиев жеңіп алды, әйелдер арасында Римма Салихова үздік болды. 60 жастан жоғары топта «алтынды» Берік Молдаш пен Баян Исманова иеленді. Командалық есеп бойынша Құрманғазы ауданының спортшылары басым түсті.


ФУТБОЛ

Атырауда  спорт ардагері Асқар Жұмағалиевті еске алу құрметіне орай  2008-09 ж.т. балалар арасында  халықаралық турнир болып өтті.  Турнирде  жергілікті  6 команда және Ақтөбеден келген балалар қатысты.

"Атырау" ФО 2008 ж.т. тәрбиеленушілері жеңімпаздар деп танылды.  «Күмісті» 2009 ж.т. Ақтөбе қаласының олимпиадалық резервтегі БЖСМ командасы жеңіп алды, «қоланы» - «Атырау» командасының 2009 ж.т. жас футболшылары иеленді. Досжан Тлепбергенов (қорғаушы), Роман Суходеев (шабуылшы) және  Әлі Набидолла (қақпашы) турнирдің үздік ойыншылары атанды. Олардың барлығы да атыраулықтар.  


ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫС

Облыстық джиу-джитсу федерациясының командасы қоян-қолтық ұрыс бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ашық  чемпионатында бірінші орынды иеленді.

Алтын медальға Ержан Меденов ( 75 келіге дейінгі), Эльдар Мұхитов (85 келіге жейінгі) және Арғын Сабиров (90 келіден жоғары) ие болса, күмісті  - Мейрам Шамеков (75 келіге дейінгі) және Асқар Аманғалиев (90 келіден) қанжығаларына байлады. Спортшыларды бапкер Ерболат Сатыбалдиев дайындады.


ЗІЛТЕМІР

№1 БЖСМ спорт залында 2002 ж.т. және одан да төмен жастағы жастар арасында ауыр атлетикадан облыс чемпионаты өтті.

Өз салмақ санаттары бойынша Батырхан Мағзомов, Илья Вяхирев, Батырхан Усенов, Әли Қадырбай, Мират Жұмабай, Диас Темірхан, Асылхан Сайын, Никита Ефремов, Владимир Запрометов және Рахимин Әбішев, қыздар арасында - Жанна Сатыбалдиева жеңімпаз атанды. Спортшыларды жаттықтырушылар Игорь Мирғамбаев, Нұрболат Ергебай және Бакдаулет Батырхан дайындады.


БАСКЕТБОЛ

Атырауда "Атырау барыстары" және "Атырау барыстары-2" командалары арасында ҚР кубогінің ширек финалының екі матчының бірінші кезеңі өтті. Негізгі команда «жастарды» 85:46 есебімен жеңіп кетті. Олег Болашов (25 ұпай, 5 іріктеу, 8 беру, 7 қағып әкету) матчтың үздік ойыншысы болды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген автор

22 қаңтар 2020, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.