Атырау, 24 сәуір 16:45
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Еуроодақ Қазақстанмен жаңа келісімді ратификациялады

2 172 просмотра


Брюссельде өткен Қазақстан – Еуроодақ ынтымақтастық кеңесінің 17-отырысында тараптар кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. 

Аталған келісім халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, сауда мен инвестициялар, инфрақұрылым мен инновациялар, мәдени және гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған. Басқосу барысында әлемдегі жағдай, Орталық Азия бойынша Еуроодақтың жаңа Стратегиясын жүзеге асыру және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге ресми сапары талқыланды. 

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді: «Келісім тез арада күшіне енеді деп ойлаймыз. Нақты айтқанда, 1 наурызда деген үмітім бар. Оны жүзеге асыру табысты әрі өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға көп мүмкіндіктерді ашпақ. Ең алдымен, ол серіктестігіміздің жаңа басымдықтары мен салаларын белгілейді. Ынытымақтастық бойынша Кеңес мәжілістері бұл келісімді іске асыруға шоғырланады. Ол ынтымақтастығымыздың барлық салаларын: саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұстарын қамтыған», – деді. 

Еуропалық одақ – Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктесінің бірі. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған болатын. 

Былтыр жылдың соңғы 9 айында екіжақты тауар айналымы 24 миллиард долларға жуықтаған.

Дереккөз: "The Qazaq Times"

22 қаңтар 2020, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.