Атырау, 23 сәуір 23:43
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» триллионға жетті

3 327 просмотра

Кеше Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс активінің алдында өткен жылдағы атқарылған істердің есебін беріп, ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі. Баяндаманың негізгі желісі мынадай еді: «Қалауын тапса, қар жанар». Өткен жылғы есеп берулерге қарағанда, бұл жолы «Атырау» мәдени орталығының ғимаратында полицейлер жасағы болған жоқ,  екі полицейден басқа сұлбаларына қарағанда, төменгі шенді  шенеуніктерге ұқсамайтын  штаттық киім киген екі ер адам ғана болды. Б.Рысқалиев  мәлімдегендей, оның бұйрығы бойынша көшеге микрофон орнатылған болып шықты, залға кіре алмаған жұртшылық өкілдері оған өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады екен.

Активке қатысушылар арасындасенатор Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, мажілісмендер  Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Асхат БЕКЕНОВ, Ұзаққали ЕЛЕУБАЕВТАР болды.Ал,екі мұнай алыбының басшылары- «ТШО» компаниясынан Том МИЛЛЕР  және «Аджип ККО» компаниясынан Умберто КАРРАРА өткен жылғы атқарылған жұмыстарының есебін берді. Т. Миллер биылғы жылы алғашқы Теңіз мұнайы алынуының 20 жылдық мерейтойының жақындап қалғандығын еске салды. У. Каррара Солтүстік-Каспий жобасының теңіз құрылымдарындағы жұмыстарының 2010 жылы 80% аяқталғандығын және қазір технологиялық қосу процестерінің жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Теңіздегі жұмыспен қамтылған адамдардың саны 6 мыңды құрайды. «А» және «Д» аралдарында 20 ұңғы бұрғыланды, олардың 16-сы іс жүзінде пайдалануға берілуге дайын. «Болашақ» зауытында іске-қосу реттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Б. Рысқалиев Атырау облысында 2010 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі  3 трлн. 150 млрд.  теңгені құрағандығын мәлімдеді (2009 жылға қарағанда  2,2 есе артық). Облыс экономикасына  1 148 млрд. теңге инвестиция салынды. 30 млн. тонна мұнай және 13,6 млрд. текше метр газ өндіріліп, рекордтық көрсеткішке  қол жетті.

Біздер жүзеге асырылған жобалар туралы бірнеше рет жазған болатынбыз. Сондықтан да әкім есебінен тек жеке мысалдарға ғана тоқтала кетеміз.

Қарқынды индустриалды дамыту бағдарламасы аясында өткен жылы облыста құны 31 млрд. теңге болатын 7 жаңа жоба жүзеге асырылды, 600 жұмысшы орыны ашылды. Биылғы жылы 6 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр: полиэтилен тұрбаларды шығару зауытын жаңарту («Шеврон»), химиялық реагенттер шығару зауытын ( «Рауан Налко» ЖШС), «Брандо» шприцтер шығаратын зауыт қуаттылығын арттыру, №5 сүзгіш стансасын пайдалануға беру, «Атыраунефтемаш» зауытын жаңарту, екінші кезекте жылужайлар.

Жұмыспен қамту. Өткен жылы «Болашақ» зауытынан 11 мыңнан аса адам жұмыстан босатылған болатын. Б.Рысқалиевтің айтуынша, олардың 80% жұмысқа орналастырылып болды, қалған  20% ақшалай өтемақы алып отыр. 2011 жылы тағы да 11 350 адам жұмыстан босатылады деп күтілуде. Әкімдік оларды Атырау МӨЗ (3500 адам) жаңарту, газ химиялық кешенінің құрылысы (8000 адам) және ТШО кеңейту жобалары және басқа да жаңа инвестициялар жобаларында жұмысқа орналастыруды болжап отыр.   Ауылшаруашылығы. Әкім ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер тарапынан нақты ұсыныстардың болмауынан селоға бөлінген бюджеттік көмек көлемін жартысына дейін қысқартуға  тура келгендігін мәлімдеді.

Ал, облыс болса, өзін азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге қабілетсіз. Бағаны шектеу саясаты кәсіпкерлерді  шығынға батыруға соқтыруы мүмкін..

«Атырау-Балық». Биылғы жылы жалпы көлемі 3,5 млрд. теңге мөлшеріндегі қаржыға арнаулы құрал-жабдықтар мен кемелер сатып алу жоспарланып отыр. Қосымша 4 млрд. теңге қарастырылатын болады. Б.Рысқалиев 2 500 адам жұмыс жасайтын заманауи қуатты зауыттың пайдалануға берілгендігін алғашқы болып мәлімдеді. Зауыттың жұмыс нәтижесін халық 2-3 жылдан кейін көретін болады.

Ағымдағы жылдың жобалары бойынша әкім мыналарды хабарлады:  
Білім беру.  2011 жылы пайдалануға 10 нысан берілетін болады: мұнайшыларды дайындайтын аймақаралық оқу орталығы (Нұрсая мөлтек ауданы); 5 мектеп; 220 орынға арналған жатақханасы бар қыздар қазақ-түрік лицейі; 320 орынды жатақханасы бар дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия; балабақшасы мен жатақханасы бар еуропалық стилдегі 720 орынға есептелген интеллектуалдық мектеп; 1080 орынды балабақшасы, жатақханасы және мұғалімдер үшін 2 тұрғын үйі бар «Мирас» оқу орталығы.

Балабақшалар. Тағы да 2 600 орынды балабақшаны іске қосу жоспарлануда, ол жүзеге асқан кезде балалардың қамтылуы 82 пайызды құрайды. Әкім жергілікті кәсіпкерлерді олардың балабақша ашуға құлықсыз екендіктерін айтып жазғырды. 113 балабақшаның 3-і ғана жеке болып табылады. Сондай-ақ, ол кәсіпорын, мекеме басшыларын ведомствалық балабақшалар салуға шақырды.

Денсаулық сақтау.Биылғы жылы Атырауда көптен күткен 180 орынды жұқпалы аурулар ауруханасы, 80 керуеттік жүйке аурулар ауруханасы салынатын болады, сондай-ақ,  облыстық балалар ауруханасы күрделі жөндеуден өткізілді және оған тағы қосымша корпустар салынатын болады.

Көпшілік спорты. 2011 жылы 20 спорт ғимараттарының құрылысы басталады, оның ішінде әрқайсысы 400 орынды 5 ірі дене шынықтыру кешендері (Нұрсая, Балықшы, Геолог-2, Индер және Ганюшкино селоларында) бар; селоларда 15 спорт залдары; АМУ маңынан еуростандарқа сәйкесті жабық стадион; Атырау қаласында есу базасының құрылысы аяқталады; «Мұнайшы» стадионы қайта жабдықталады. Облыс және аудан орталықтарындағы тұрғын үйлер аулаларында қосымша тағы да 80 ойын алаңдары салынатын болады.

Мәдениет.Биылғы жылы 1200 орынға арналған киноконцерт пен көрме залы, заманауи мұражайы бар үлкен мәдени-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады.

Барлық аталған нысандардың бейнероликтегі графикалық кескіндері көзге тартымды көрінді.

Б.Рысқалиев сондай-ақ, Атырау қаласының барлық мөлтек аудандарында тегін қазақ тілін оқыту курстары ашылатындығына уәде берді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.