Атырау, 29 наурыз 01:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бетперде киген қарақшылар қолға түсті

3 180 просмотра

Жылыой аудандық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай дүкендер мен жағар-жанар май стансаларына қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер ұсталып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Оқиға өткен жылдың қазан айында бастау алған. Белгілі болғанындай қылмыскерлер 2010 жылдың 13 қазаны күні түнде бетперде киіп, жанар- жағармай стансасына шабуыл жасаған. Сол күні кассаға түскен ірі мөлшердегі ақшаны жымқырғандар бой жасырып үлгереді. Ал оныншы желтоқсанда қаланың мөлтек ауданында орналасқан дүкеннен отыз мың теңгені алып кеткен. Бұл қарақшылық шабуылдар араға күндер мен айлар салынып қайталанып отырылған. Ал осы жылдың 4 қаңтары күні қарақшылар «Кең Жылыой» ықшам ауданындағы дүкенді тонап кеткен еді. Аяғынан тік тұрған полицейлер шұғыл іздестіру жұмыстарын да жүргізіп жатқан еді.

‑ Алғашында бетперде киіп, шабуылдаушы қылмыскерлер басқа жақтан келген бе деген күдік болғаны рас. Тынымсыз ізденісіміздің арқасында қарақшылар Құлсарының өзінен шығып отыр. 22 жастағы екі жігіт күдікті ретінде қолға түсіп, тергеу жұмысы басталып кетті. Күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 179 бабы 2 бөлігі «қарақшылық» бойынша қылмыстық іс көтеріліп отыр. Бір ғажабы, тоналған дүкендер мен жанармай стансасында бейнекамера орнатылмағандықтан қылмыскерлерді уақытында табуға кедергі келтіргені рас. Негізі бейнекамера сақтық үшін қажеттігін жеке кәсіпкерлерге түсіндірдік. Десек те қаланы дүрліктерген қарақшылар қолға түсті, ‑ дейді Жылыой ауданы ІІБ бастығының орынбасары Е. ДОСМАҒҰЛОВ.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.