Атырау, 29 наурыз 16:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Индерборда 3D-кинотеатр ашылды

3 694 просмотра


Атырау облысы Индербор кентінде «INDERBOR CINEMA» атауымен   3D кинотеатр ашылды. Бұл - Қазақстан бойынша осындай форматта ауылдық жерде ашылған алғашқы театр және жастар жылы аясындағы Индер ауданы әкімдігі мен «Меломан» компаниясының бірлескен жобасы. 

Жастар орталығы ғимаратында орналасқан кинотеатрға 200 адам сияды. Бастысы, 3D форматтағы замануи, лазерлі экран сапалы құрылғылармен жасақталған.  Жаңадан ашылған кинотеатрдың алғашқы көрсетілімінде Ақан САТАЕВТЫҢ «Томирис» кинофильмі тамашаланды. Енді аудан тұрғындары алдағы уақытта республиканың барлық аймағында көрсетілетін танымал фильмдерді көретін болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қазан 2019, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.