Атырау, 23 сәуір 18:00
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша жаңа кеңесшісін тағайындады

2 078 просмотра


АҚШ мемлекеттік департаментінде кепілге алынған тұтқындарды босату жөніндегі президенттің арнайы өкілі Роберт О'Брайен АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

"Көптен бері Робертпен жұмыс істеп келемін. Ол тапсырманы жақсы орындайды" деп жазды Трамп Twitter-дегі парақшасында.

10 қыркүйекте Трамп Джон Болтонды бұл қызметтен босатқан. Президент оның көптеген идеяларымен келіспейтінін айтқан.

Тәжірибелі дипломат Джон Болтон 2018 жылы наурыз айында Ақ үйге келген. Оған дейін бұл қызметте Ресей елшісімен келіссөз жасағаны үшін дауға қалып, қызметінен кеткен Майкл Флинн және генерал Герберт Макмастер болған. Көп сарапшылар Трамптың Иранға қатысты ұстанған "қатаң саясатының" ар жағында "Болтонның қолтаңбасы тұр" деп есептейді. Ол Трамптың тапсырмасымен бірнеше рет Ресейге барып, Кремльмен келіссөз жүргізген.

Қызметінен кетер бұрын Болтон Шығыс Еуропа елдеріне ресми сапармен барып, Украина және Беларусь басшыларымен, Польша, Украина, Беларусьтің қауіпсіздік кеңесі төрағаларымен кездескен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

19 қыркүйек 2019, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.